Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер жеке үйден заңсыз алкогольдің ірі партиясын тәркіледі

СҚО-да полицейлер жеке үйден заңсыз алкогольдің ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеп жатқан учаскелік полиция инспекторлары Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз алкоголь сату фактісін анықтады.

Аталған ақпаратты тексеру үшін келген полиция қызметкерлері жергілікті әйелдің үйінен құрамында спирт бар 497 литр өнім, яғни 687 бөтелке сыра мен бес литрлік 29 бөтелкеге құйылған лицензияланбаған арақ тәркіледі. Сонымен бірге акцияздік маркасы жоқ 409 қорап темекі тәркіленді.

Қазіргі уақытта тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып жатыр. Ауыл тұрғынына айыппұл салынуы мүмкін.

Полицейлердің айтуынша, ешқандай тексерістен өтпеген алкогольдік және темекі өнімдерін жасырын сату өмір мен денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Заңсыз алкоголь саудасымен күрес – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберіндегі жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі.

“Учаске” ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы 16 қыркүйектен бастап өткізілуде. Осы уақыт аралығында солтүстікқазақстандық полицейлер алкогольге қарсы заңнаманың 1700-ден астам түрлі бұзушылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру