Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай тұрғындарға музыкалық кеш ұйымдастырды

Полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай тұрғындарға музыкалық кеш ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуір күні кешке Петропавлдағы Dostyq mall сауда ойын-сауық орталығына келушілерді облыстық полиция департаментінің үрмелі аспаптар оркестрі мен мәдени орталықтың вокалдық тобының композициялары қарсы алды. Концерттік бағдарлама шеңберінде 20-ға тарта нөмір дайындалды.

Бағдарламаға соғыс жылдарының әуендері, заманауи патриоттық әндер, эстрада классикасы кірді. Барлық жастағы адамдар “Жеңіс күні”, “Оныншы десанттық батальон” әндерін және балалық шақтарынан жақсы таныс басқа да әуендерді орындаған әртістерге қосылып, қошеметтерін аямады. Әртістер мен тұрғындар соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, вокалдық топтың барлық әншілері әйгілі “День Победы” әнін орындады.

— Көпшілігі сауда-ойын-сауық орталығына отбасыларымен бірге келеді. Бейбіт өмір сыйлаған майдангерлердің, тыл еңбеккерлерінің ерлігіне арналған әндер ұрпақтардың басын қосты. Аталарымды еске алып, көзімізге жас келді. Осындай тамаша концерт үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деді тұрғындар.

Көрермендер концертті телефондарына түсіруге асықты. Айта кету қажет, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мәдени орталығының әртістері орындайтын әндерді тұрғындар бірнеше жыл қатарынан тыңдап келеді. Өткен жылдың соңында мәдени орталықтың вокалдық тобы Қазақстан Республикасының “Мәдениет қайраткері” Дидар Малаевтың басшылығымен “Міндет. Ерлік. Абырой” ұранымен өткен республикалық көркемөнерпаздар байқауында гран-при жеңіп алып, ҚР ІІМ жүйесінде үздік атанды.

Ұлы Жеңістің мерейтойын мерекелеу шеңберінде СҚО полиция департаментінде басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру