Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер жол ережелерін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондар қолдануда

СҚО-да полицейлер жол ережелерін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондар қолдануда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Квадрокоптер немесе дрон деп аталатын ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық жағдайда бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде полицияның сенімді құралына айналуы мүмкін.

Ұшу аппаратының камерасы жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыдан қоғамдық орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері айқын көрінеді. Бұдан бөлек, дронмен көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б. бұзушылықтар тіркеледі. Бұл бұзушылықтар жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті арттырады.

Қала сыртындағы жолдарда дрондар қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығуды, маневр жасау ережелерін, жарық шамдарын пайдалану ережелерін бұзуды және т.б. бұзушылықтарды анықтай алады. Тіркелген құқық бұзушылықтар жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі, одан кейін патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.

Полиция қызметіндегі заманауи техникалық құралдар – “Заң мен Тәртіп” қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Дронды пайдалану – айыппұлдар мен хаттамалар санын күшейтудің тәсілі емес екенін білу маңызды.

Басты міндет – көшелер мен жолдарды әр адам үшін қауіпсіз ету. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде байқауға және қайғылы жағдайларды болдырмауға, қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл адамдардың тыныш және жайлы өмір сүруіне тағы бір қадам. Бұл жұмыс полиция мен прокуратураның тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру