Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер жол таппай, батпақта қалып қойған қызды құтқарды

СҚО-да полицейлер жол таппай, батпақта қалып қойған қызды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусым таңертең Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны Қарғалы аралындағы демалыс базасы маңында адасып қалған. Кейін ол жүкті құрбысына шақырылған жедел жәрдем көлігін күтіп алуға шыққанын, қатты уайымдап, қобалжығаннан жолынан жаңылып қалғанын айтып түсіндірді. Адасып кеткенін түсінген соң полицияға қоңырау шалған.

Қоңырауды Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші қызметкері қабылдады. Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жақын маңда жүрген экипаждары бірден бойжеткен болуы мүмкін деген бағытқа қарай бағдарланды.

Орман алқабы мен Пестрое көлі жағалауын тексеру барысында полицейлер Бейбіт Кереев пен Анатолий Божко көмек сұраған айқайды естиді. Киімі малмандай су, тоңған қыз аралда қалып қойған. Бейбіт Кереев суға түсіп, өткел тауып, қызды қауіпсіз жерге алып шықты.

Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясында қауіпсіздік шараларын сақтауға, телефондарын өздерімен бірге алып жүруге шақырады. Осындай жағдайларда геолокация қосылған "102" мобильді қосымшасының пайдасы болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру