Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция ардагерлері ауылда жол белгілерін орнатуға бастамашылық етті

СҚО-да полиция ардагерлері ауылда жол белгілерін орнатуға бастамашылық етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл мәселе 17 маусымда Қызылжар ауданының Соколовка ауылының халқымен өткен «Жолда қабылдау» акциясы аясында көтерілген. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов халықтың сұрақтарын қабылдады. «Жолда қабылдауға» 40-қа тарта ауыл тұрғыны келді. Полицейлер берген түсініктердің басым бөлігі аң аулау мен балық аулау қағидаларына, алкогольге қарсы заңнамаға, жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.

Аса өзекті мәселелердің бірін Соколовка поселкелік полиция пунктінің ардагерлері алға тартты.

– Ауылда көлік саны артып келеді. Бұл жер арқылы Петропавл – Ишим автожолы өтеді, мұндағы танымал демалыс орындары – Абакшино мен Лебяжье көліне демалушылар да келеді. Автокөліктер көбеюде, Соколовка ауылында 3 оқу орны орналасқан, жол белгілері жоқ. Апатты азайту және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша ұсынысымызды тыңдап, біздің мәселемізді Серік Дарханұлы 3 айдан кешіктірмей шешуге уәде берді. Жұмысты жақсы ұйымдастырып, сөзінде тұрды, – деп тоқтала кетті ардагерлер ұйымының төрағасы отставкадағы Александр Дроздецкий.

Серік Әлжановтың нұсқауы бойынша Қызылжар ауданының ПБ қызметкерлері жол желісін тексеріп, ауылдық округтің әкімдігіне белгі орнату туралы ұйғарым жолдады. Құрамында полиция ардагерлері бар әкімдік жанындағы қоғамдық ұйым 32 жол белгісін дайындауға және орнатуға бюджет қаражатын бөлуге дауыс берді. Қазан айының ортасында оларды монтаждау жұмысы аяқталды.

Ауылдық полиция ардагерлері облыстық полиция департаментінің басшылығына, ӘПБ бастығы Серік Әлжановқа, поселкелік полиция бөлімшесінің бастығы Эльдар Аллахверановқа, сондай-ақ Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов пен ауылдық округтің әкімі Виктор Азаровқа ардагерлер ұйымымен аса жоғары деңгейде іс-қимыл жасағандары үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру