СҚО-да полиция басшылығы арасында турнир өтті
СҚО-да полиция басшылығы арасында турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлттық мереке қарсаңында спорттық шаралар өткізу – полицейлер арасында қалыптасқан игі дәстүрдің бірі. Солтүстік Қазақстан облысында Республика күніне орай полиция басшылығы арасында шағын-футболдан турнир ұйымдастырылды.
Жарыс облыстық "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында өтті.
Турнирдің нәтижесі бойынша басқарма бастықтарынан құралған құрама команда жеңімпаз атанды. Екінші орынды полиция департаменті бастығының орынбасарлары, ал үшінші орынды аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары иеленді.
Жарыстың үздіктері де анықталды: үздік қақпашы – Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы Тоқтар Таев, үздік қорғаушы – Шал ақын аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Мейрам Сәрсекееев, ал үздік шабуылшы атағын СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев иеленді.
СҚО полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырған бұл турнир полицейлердің төзімділігі мен ұйымшылдығын нығайтып қана қоймай, дене даярлығының қызметтік міндеттерді тиімді орындаудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындады.