СҚО-да полиция бетті тұмшалауға тыйым салатын заң нормасын түсіндірді
Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң нормасын түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл норма азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектеу емес. Заңнамалық түзетулердің мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Ол үшін кейде адамдарды жедел түрде, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы сәйкестендіру қажет болады.
Сол себепті заң қоғамдық орындарда балаклавалар, маска, никаб сияқты бет-әлпетті толықтай жауып тұратын және жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салады.
Маңызды: ауа райына немесе медициналық көрсетпелерге негізделген себептерді қоспағанда, мысалға аязда шарф тағу немесе медициналық маска кию жағдайларында тыйым салынбайды.
Сондай-ақ азаматтық қорғаныс мақсатында мысалы, газтұмылдырық немесе респиратор киюге байланысты Қазақстан заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау үшін бет-әлпетті жабу қажет болғанда тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жаппай, спорттық және мәдени іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға, мысалы, аниматорларға да рұқсат етіледі.
Полиция подполковнигі Розбахтың айтуынша, полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жаңа заң нормаларын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ тұрғындармен тікелей кездесулер барысында түсіндіруде, сондай-ақ заңнама талаптары туралы шетелден келетін республика қонақтарына, өйткені талап шетелдіктерге де қатысты екенін хабарлауға кеңес береді.