Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО- да полиция департаментінің бастығы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиді қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Танымал қазақстандық спортшы Айдос Сұлтанғали үш дүркін әлем чемпионы атанған. Ол 2017 жылы Польшада, 2018 жылы Венгрияда және 2022 Сербияда өткен әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрінген. Сондай-ақ Айдос Азия чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері.

Чемпион Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа бейім дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі. Оның бапкері Жанарбек Қабдолов бұған дейін "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстандағы филиалында еңбек еткен. Бұл база – өңір полицейлерінің шынығып, төзімі мен ерік-жігерін арттыратын ордасы.

Кездесу барысында департамент басшысы спортшыны жетістіктерімен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Айдос Сұлтанғалидің жеңістері мен оның бапкері-динамошының еңбегі әрбір жетістік артында талантпен қатар тәртіп, табандылық пен рух күші жатқанын дәлелдейді. Бұл қасиеттер – полиция қызметінің де негізі.

Ал "Динамо" мектебінде қалыптасқан осы спорттық рух қоғам игілігі жолында абыроймен қызмет етуге шабыт береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру