Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады

СҚО-да полиция есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою – полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Жуырда тәртіп сақшылары Петропавлдың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған 100 орам табылып, тәркіленді. Сараптама оның жалпы салмағы 98,64 грамм болатын синтетикалық есірткі мефедрон екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жас жігіттің интернет-дүкендердің бірінде есірткі сату ісімен айналысты деген күдік бар.

Полицейлердің айтуынша, аса ірі көлемде есірткі сату заң бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру