Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция интернет-алаяқтықты азайту жолдарын талқылады

СҚО-да полиция интернет-алаяқтықты азайту жолдарын талқылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов СҚУ-де облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында сөз сөйледі.

Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов киберқылмысқа қарсы күрес жөнінде баяндама жасады. Аталған құқық бұзушылықтар облыстағы барлық қылмыстардың төрттен бір бөлігін құрайды. Биылғы 5 айда 268 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Полиция интернет-алаяқтықпен күресте барған сайын нәтижелі әрекет етуде. Қиындығына қарамастан, биылғы жылдың басынан бері мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі 15,2%-ға жетіп, былтырғы осы кезеңдегі 12%-дан артты. Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында жәбірленушілерге 115 миллион теңгеден астам шығын өтелді. Жедел уәкілдер өз күштерімен 20 интернет-алаяқтық эпизодын анықтап, sim-box құрылғылары орнатылған төрт станцияның жұмысын тоқтатты.

Азаматтарға түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде облыс тұрғындарының шамамен 47%-ы микронесиеден ерікті түрде бас тарту қызметін қосты. Бұл алаяқтардың құрбаны болу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Солтүстікқазақстандықтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов Петропавл қаласындағы қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасады. Соңғы 5 жылда қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Проблемалық аймақтарда патрульдеу мен кезекші нарядтардың күшейтілуі, аймақтық қағида бойынша кең ауқымды жедел алдын алу іс-шаралары және “жаппай қамту” бейнебақылау жүйесі арқылы қылмыстардың саны 18,1%-ға азайды. Қылмыстық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында полицейлер кейбір ойын-сауық орындары мен алкоголь өнімдерін сататын нүктелердің жұмыс уақытын шектеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

“Заң және Тәртіп” қағидатын жүзеге асыру аясында қылмыстық ахуалды талдау негізінде кешенді алдын алу шаралары мен ұсыныстар әзірленуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру