Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция мұражайының меңгерушісі зейнетке шықты

СҚО-да полиция мұражайының меңгерушісі зейнетке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Любовь Осинская  – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерінің бірі. Оның ішкі істер органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 45 жылдан асады.

Ол үгіт-насихат бағыты бойынша мемлекеттік автокөлік инспекциясында (қазіргі патрульдік полиция), одан кейін облыстық ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімінде жұмыс істеді, онда милиция мұражайына экспонаттар жинауға белсенді қатысты.

1997 жылы полиция подполковнигі атағымен зейнетке шыққан соң, ол  ведомстводан кетпей, өзін мұражай ісіне арнады.

Оның басшылығымен полиция департаментінің мұражайы жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеудің орталығына айналды.

ҚР ІІМ жүйесіндегі үздіктер қатарынан көрінді және ТМД елдерінің мұражайлар байқауында үшінші орын алып, халықаралық деңгейде танылды.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов Любовь Осинская 30 жыл ішінде тек экскурсияларда ғана Солтүстік Қазақстанның құқық қорғау органдарының тарихымен 45 мыңнан астам адамды,  атап айтқанда оқушылар мен студенттерді, курсанттарды, полиция қызметкерлері мен ардагерлерін, олардың отбасы мүшелерін таныстырғанын атап өтті.

ҚР ІІМ басшылығының өкілдері, Ресей Федерациясының іргелес облыстарынан келген полиция делегациялары, құрметті қонақ болды.

СҚО ПД бөлім бастықтары Любовь Осинскаяны зейнеткерлік демалысына шыққанымен құттықтап, өткен жылдардың батырларын еске алу жолындағы орасан еңбегі, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, оның зейнетке шыққаннан кейін де  үлкен ұжымның маңызды бөлігі болып қала беретінін атап өтті.

Ведомствоның есігі құрметті ардагер үшін әрдайым ашық, ал қызметкерлер оның баға жетпес үлесін және  кеңпейілдігін шын жүректен бағалайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру