Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция музейі қорын сақтаушылар онлайн режимінде экскурсия өткізуде

СҚО-да полиция музейі қорын сақтаушылар онлайн режимінде экскурсия өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“…Ленин мен Дзержинский көшелерінің қиылысында 24 рет пышақ жарақаты келтірілген ер адамның мәйіті табылды. Қылмыскерлерді іздестіруге шара қабылданды…
…Сүзекке шалдыққан төрт адам анықталып, ауруханаға жіберілді. 303 адам қоғамдық моншаға жіберілді…”

(1934 жылғы 3 қыркүйектегі петропавлдық милицияның ақпаратынан алынды).

Көне заттар мен сирек кездесетін материалдарды зерттеуден: бүгінгі полицейлер мен 100 жыл бұрын қызмет еткен милиционерлердің атқарған істерінің ортақ екендігін түсінуге болады. Мына құжаттар соның айғағы: 1933 – 1934 жылдардағы жедел мәліметтер. Милиционерлердің қылмыстар туралы қысқа хабарламалары жұқа, сарғылт тартқан қағазға басылған. Мәліметтермен қатар «ПМЗ» (Подольск механика зауыты) маркілі көне баспа машинкасы сақталуда – атап айтқанда осы баспа құралында қағаз бетіндегі мәтін бір жолда, әдемі, түзу, анық әріптермен терілген.

Ұрлық, адам өлтіру және … ІІО қызметкерлерін күн сайын жұқпалы аурулармен қарсы күресуге жіберу. Өткен ғасырдың басында қызметкерлер сүзек індетінің, әсіресе қала халқы арасында таралуын болдырмау бойынша іс-шараларға белсенді қатысты. Осындай жұмысты бүгінгі күннің тәртіп сақшылары да атқаруда, қазіргі қауіпті індеттің белгілері мен атауы да басқа…

– Ведомстволық музей жұмысының басты міндеті – балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, полиция қатарын толықтырған жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, қызметтің имиджін көтеру болып табылады, – дейді музей меңгерушісі Любовь Осинская. – Биылғы жылғы бірінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының полиция музейіне 450 адам келіп, 12 экскурсия өткізілді. Алайда, көктемде пандемияға байланысты экскурсиялар тоқтатылды. Мысалы, өткен жылы 109 экскурсия өткізіліп, үш мыңға жуық адам тамашалады. Дәстүрлі түрде өткізілетін экскурсиялар тоқтатылғанына қарамастан, біз онлайн форматқа көштік. Біздің ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында “Бір экспонаттың тарихы” #СҚОПД_бір_экспонаттың_тарихы деген айдар ашылды. Біз бейнероликтер түсіріп, фоторепортаждар дайындаймыз, олардың көмегімен желі қолданушыларына ең көрнекті экспонаттар және өңіріміздің ішкі істер органдарының бай тарихы туралы айтып береміз.

Осындай келесі тақырып “ПМЗ” баспа машинкасы туралы егжей-тегжейлі әңгімеге арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру