Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция Қарттар күнінде тағылымды кездесу ұйымдастырды

СҚО-да полиция Қарттар күнінде тағылымды кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарттар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ведомствоның ең белсенді ардагерлерін салтанатты шараға шақырды. Заң мен тәртіп сақшысы қызметін енді ғана бастаған жас полиция қызметкерлері олармен жүздесуге жиналды.

Кездесу СҚО полиция департаментінің мұражайында өтті. СҚО полиция департаменті мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов жас буынға ардагерлердің даңқты еңбек жолын ерекше мақтанышпен баяндады. Ол жиналғандарға жедел қызмет ардагерлері Фархат Бегішев пен Юрий Киселев, кадр қызметінің ардагері Кәпез Дәулетбаев, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік автоинспекцияда еңбек еткен Любовь Осинская туралы айтты. Зейнетке шыққаннан кейін ол полиция департаментінің еліміз бойынша үздік деп танылған мұражайын үздіксіз басқарып келеді.

Юрий Киселев көп жыл бойы социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімін басқарған. Бұл қазіргі экономикалық тергеу қызметінің баламасы болатын. Ол жастарға жоғары лауазым үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

- Біз үлкен жалақы алмадық, бірақ жұмысымызды сүйдік. Сол сүйіспеншілік бізге ең қиын сәттерде де күш берді, — деді ол.

СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесу соңында жас полицейлерге қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Сол күні облыстың барлық полиция бөлімшелерінде қызметкерлер ардагерлерді арнайы зиярат етіп, оларды қолдап, халық пен мемлекетке адал қызмет етудің бай тәжірибесін үйренуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру