СҚО-да полиция қызметкерлері қазақ күресінен республикалық жарысқа қатысуда
СҚО-да полиция қызметкерлері қазақ күресінен республикалық жарысқа қатысуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласындағы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс бастау алды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан погондағы 125 спортшысы қатысты. Турнир "Динамо" қазақстандық дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Ашылу салтанаты ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Содан кейін погондағы спортшыларды ҚР "Динамо" ДСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов және еңбек сіңірген спорт шебері, үш Олимпиада ойындарының қатысушысы Вадим Шақшақбаев құттықтады. Олар қазақстандық "Динамоның" даңқты жетістіктеріне тоқталып, қатысушыларға спортта жоғары жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан спортының дамуына үлес қосқан ардагер "динамошылар" мен полицейлер марапатталды. СҚО ПД мәдени орталығы жиналғандарға патриоттық әндерді шырқап, әсерлі би нөмірімен қуантты.
Күрес 6 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Жарыс ҚР ІІМ-нің 12-ші ведомствоаралық спартакиадасы мен "Динамо" ДСҚ-ның 12-ші ведомствоаралық спартакиадасы шеңберінде өткізілуде. Жеңімпаздар 20 маусымда анықталады.