СҚО-да полиция спорт күнін таңғы жаттығумен бастады
СҚО-да полиция спорт күнін таңғы жаттығумен бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлері Спорт күні қарсаңында жаппай таңғы жаттығу өткізді. 2023 жылы белгіленген бұл жас мереке тамыз айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді.
Жаттығуға 60-тан астам полиция қызметкері – учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, тергеушілер және облыстық полиция департаментінің өзге де бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
ПД-ның арнайы және кәсіби дайындық басқармасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен олар жұмыс күні басталар алдында "Динамо" спорт қоғамының стадионында таңғы жаттығу жасап, әлеуметтік желілер үшін бейнематериал дайындады.
Құқық қорғаушылар үшін жоғары физикалық дайындық – тек қызметтік міндет қана емес. Өз үлгісімен олар қазақстандық жастарды белсенді болуға, спортпен айналысуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырады.