Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция таксилер қатысқан ЖКО-ны азайтуға бағытталған жаңа шараларды қолға алды

СҚО полициясы таксилер қатысқан ЖКО-ны азайтуға бағытталған жаңа шараларды қолға алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының 14 пайызы таксилардың қатысуымен тіркелген. Олардың ішінде зардап шеккендер болмаса да, көлік құралдары механикалық зақым алған жағдайлар есепке алынған.

СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы төрт ірі таксопарктің бірінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Дәл осы таксопаркте жол-көлік оқиғаларының үлесі ең төмен болып отыр. Тәртіп сақшылары бұл көрсеткішті нөлге дейін төмендетуді мақсат етіп отыр.

Маршрутқа шығар алдында әрбір жүргізуші медициналық тексеруден өтеді, оның ішінде алкотестер арқылы бақылау жүргізіледі. Гаражда автокөліктердің рейс алдындағы техникалық тексерісі ұйымдастырылған. Полицейлер аталған процесті бақылап, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне көз жеткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізді.

— Апаттылықты талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі — көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану. Өкінішке қарай, бұл туралы тәжірибелі жүргізушілерге де еске салуға тура келеді. Мұндай кездесулер барлық таксопарктерде тұрақты түрде өткізілетін болады. Біз олармен меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Оның аясында біздің қызметкерлер белгілі мерзімділікпен көліктер мен жүргізушілерді рейске жіберу тәртібін бақылап, заңнама талаптарын түсіндіреді, жолдағы апаттылық жағдайлары бойынша практикалық кеңестер береді. Әрбір заңды таксиге отырған жолаушы өзінің сақтандырылғанын, оны техникалық жарамды көлікпен білікті әрі мұқият жүргізуші тасымалдап келе жатқанын білуі тиіс, - деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Полицейлер таксопарктермен жұмысты жаңа форматта жүргізіп жатқанын атап өтті. Бұл тәсілде полиция тек бақылау және жазалау функцияларымен шектелмей, жол қозғалысы қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасайды.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған және болашақта барлық таксопарктерде тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру