Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастырды

СҚО-да пробация қызметкерлері сотталғанды дәнекерлеуші ретінде жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметкерлері сотталғандарды есепке қою кезінде сотталғандармен, сондай-ақ туыстарымен, есепке алынған контингенттің мінез-құлқына оң әсер етуі мүмкін адамдармен әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын қажетті ұйымдарға жіберу туралы уақтылы шешім қабылдау үшін, қандай көмек қажет екенін анықтау үшін әңгімелесу жүргізеді.

Мысалы, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде сотталған ер адам СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінді.

Одан кейін сотталғанға қатысты Тимирязев ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жеке бағдарлама жолданды.

Нәтижесінде, сотталған «КЭСС» ЖШС дәнекерлеуші ретінде жұмысқа кірісті.

СҚО бойынша ҚАЖД Тимирязев ауданының пробация қызметкерлері тұрақты негізде жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру