Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да психолог полицейлер әріптестері үшін страйкболдан тренинг өткізді

СҚО-да психолог полицейлер әріптестері үшін страйкболдан тренингтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы кадр саясаты басқармасының инспектор-психологтары Гарнизон әскери-тактикалық ойындар орталығының аумағында жеке құрамның қатысуымен психологиялық тренингтер өткізді.

Ойын ережелері, пневматикалық қару мен қорғаныс киімін қолдану тәртібі – Гарнизон әскери-тактикалық ойындар орталығының директоры Сергей Хрупин ойын басталмас бұрын қатысушыларға нұсқаулық жүргізді. Содан кейін полицейлер екі командаға бөлінді. Бірінші бөлімнің сценарийі бойынша командалар бір уақытта шабуылдауды бастайды. Екінші бөлімде ойын алаңы өзгеріп, кезектесіп қорғаныс тактикасын қолданады. Ережеге сәйкес, пневматикалық оқ тиген ойыншы жеңілісін мойындап, ойын алаңынан шығуы тиіс. Мұндай ойындар жақсы дене дайындығын, көшбасшылық қабілеттерді, стратегияны әзірлеу және қолдана алуды қажет етеді.

– Қызметкерлерді төтенше жағдайларда әрекет етуге психологиялық даярлау жоспарына сәйкес осындай ашық аспан астындағы психологиялық тренингтер департаменттің барлық бөліністері, оның ішінде қалалық және аудандық полиция бөлімдері үшін өткізілді. Ер адамдардан бөлек әйел қызметкерлер де қатысты. Олар жақсы дайындықты көрсетті. Тренингтерге барлығы 400-ге жуық қызметкер қатысты, – дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Психолог мамандардың айтуынша, осындай іс-шаралар келесі жылға да жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру