СҚО-да психологтар полицейлер үшін экстремалдық тренингтер өткізді
СҚО-да психологтар полицейлер үшін экстремалдық тренингтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда орналасқан полицияның 30 бөлімшесінің қызметкерлері полиция ведомствосының психологтары страйкбол алаңында ұйымдастырған командалық-тактикалық ойындарға қатысты.
Сабақтар бірқатар практикалық мақсатты көздеді: психологиялық босаңсу, ұжымдардағы ұйымшылдықты нығайту және психологиялық климатты жақсарту, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын пысықтау, бұл әсіресе тәртіп сақшылары үшін пайдалы.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықтан өткеннен кейін қорғаныс құралдарын киіп, пневматикалық қаруды алып шартты түрдегі жаудың позициясына шабуыл жасайды, "бомбаны" залалсыздандырады және ойын сценарийлерінің басқа да міндеттерін орындайды.
Психологтардың айтуынша, тіпті саптық бөліністерге жатпайтын бөлімшелерден келген қызметкерлер жаңа жағдайларға үйреніп, бірлескен іс-қимыл тактикасын сәтті қолданған. Өткен аптада барлығы 7 ойын өткізіліп, оған 160 полиция қызметкері қатысты.