СҚО-да психологтар полицейлерге кеңес берді
СҚО полиция департаментінде ПД аппараты мен Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері үшін ерекше сабақ өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәжірибелі маман, клиникалық психолог Резеда Баймухаметова қызметкерлерге зияткерлік ойын өткізді, оның барысында олар құмар ойындарына тәуелділіктің ерекшеліктері мен оның адам бойында бар-жоғын анықтауға болатын белгілері туралы білді.
Мысалы, егер адам “сырғанау” (ірі джекпот), “тильт” (ойын кезінде өзіне-өзі ие бола алмау), “ағызу” (жаппай ұтылу), “айналдыру” (ойын автоматында немесе сәттілік дөңгелегінде айналу, ойындағы раунд), “бонус” (ойын автоматтарындағы бонустық раунд) сөздерін қолданып сөйлесе, онда ол адамнан қауіптену керек.
Мінез-құлықтың өзгеруі, өз міндеттерін елемеуі, бұрынғы әуестенген ісіне қызығушылықтың болмауы, жиі-жиі қарызға ақша сұрау - бұл да адамға психологтың көмегі қажет болуы мүмкін екендігі туралы туыстары немесе басшыларына хабарлауға себеп болып табылады. Тәуелділіктің кез-келген түрі сияқты, тәуелді адам маманға неғұрлым ертерек жүгінсе, соғұрлым тез емделу ықтималдығы жоғары болады.
Зияткерлік сайыста қатысушылар дипломдармен марапатталды. Полицейлер жұмыс барысында әртүрлі адамдармен кездеседі. Сондықтан белгілі бір мінез-құлықтың туындау себептерін жақсы түсінуі керек. Бұл “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырады. Осыған ұқсас сабақтарды болашақта да өткізу жоспарлануда.