СҚО-да Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірқатар қызметкер марапатталды
СҚО полиция департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірқатар қызметкер марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан халқының бірлігі күні орай СҚО полиция департаментінің музейінде мерекелік іс-шара өтті. Онда ішкі істер органдарының ардагері, Солтүстік Қазақстан облыстық Әзірбайжан мәдениеті орталығының төрағасы Чингиз Курбанов сөз сөйледі. Өз ұлтын мысалға келтіре отырып, Солтүстік Қазақстан жерінде 100-ден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде қалай өмір сүріп жатқанын айтып берді.
Айта кету қажет, СҚО полиция департаментінің бөліністерінде 20-дан астам ұлт өкілдері қызмет атқаруда. Оларды заң мен тәртіпке қызмет етудің ортақ мақсаты біріктіреді. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар қызметкер мерекеге орай алғыс хаттармен марапатталды.
Олардың арасында мемлекеттік тілді жақсы меңгерген, Бірлік күні қарсаңында ұйымдастырылған байқаулардың лауреаттары бар. Мәселен, жуырда Тайынша ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Николай Михневич “Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі” республикалық іс-шарасында ішкі істер министрі орынбасарының қолынан алғыс хат алды.
Сондай-ақ ПД музейінде жас қызметкерлерді толеранттылыққа тәрбиелеуде және ұлтаралық қатынастарды нығайтуда баға жетпес көмегі үшін Чингиз Курбанов марапатталды.
СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская қонақтарға Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған залда экскурсия өткізді. Келе жатқан Жеңістің мерейтойы – кез келген сынаққа төтеп беруге күш беретін бірліктің ұлы құндылығының айқын дәлелі.