СҚО-да қоғам қайраткері Жан Ақжанов полицейлермен лудомания мәселесін талқылады
СҚО-да қоғам қайраткері Жан Ақжанов полицейлермен лудомания мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде белгілі қоғам қайраткері, жазушы және публицист Жан Ақжановпен кездесу өткізілді. Елордалық спикер Солтүстік Қазақстан полицейлеріне құмар ойындарға немесе лудоманияға бейімділікпен байланысты қазіргі қоғамның проблемалары туралы хабардар етті.
Кездесуді ашқан СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андагулова Мемлекет басшысының Жолдауында лудомания мәселесі көтерілгенін еске салды.
Ел Президенті өз Жолдауында лудоманиямен күресте тәрбие және түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті. Жеке құрамның Жан Ақжановпен өткен кездесу барысында лудомания мәселесін кеңінен түсіндіруге арналды.
Жан Мухарапұлы қазіргі заманауи адамдардың құмар ойындарға тәуелділігіне қатысты негізгі тезистерді қол жетімді түрде түсіндіріп, айтып берді. Лудомания нашақорлық, алкоголизм және темекі шегуден айырмашылығы ол химиялық тәуелділік емес екендігі атап өтті. Бірақ лудомания да қауіпті. Тәуелділіктің бұл түрін емдеу өте ауыр, бірақ мүмкін. Жан Ақжановтың айтуынша, құмар ойындарға тәуелділікті өз санасында басқа күшті, бірақ жасампаз хоббидің көмегімен ығыстыруға болады.
Полицейлер лудомания терминінің шығу тегі, жақындары мен қарамағындағылар арасындағы бұл кемшілікті қалай анықтауға болады және лудоманияны қалай емдеу керек деген түрлі сұрақтарды белсенді қойып жатты. Барлық қойылған сұрақтарға Жан Ақжанов тұшымды жауап берді.
Жиын соңында полиция қызметкерлері қоғам қайраткеріне білімпаздылық пен ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік берген қызықты дәрісі үшін алғыстарын білдірді. Бұған дейін Жан Ақжановтың қатысуымен кездесулері басқа да бірқатар өңірлік полиция департаменттеріндегі тәртіп сақшыларымен өткен болатын.