Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үздік гір көтерушілер анықталды

СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үздік гір көтерушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Гір спорты – күш, төзімділік, өз күштерін бағалау қабілетіне тәрбиелейді. Бұл – құқық қорғау органдарының өкілдері үшін «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасының бесінші түрі. Погон таққан 38 спортшы Петропавлдағы А.Винокуров спорт сарайында жиналды. «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев оларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар 5 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Олар спортшының дайындығына байланысты салмағы 24 келі немесе 32 келі болатын екі гірді итеріп, бір қолымен жұлқуды орындауы керек еді. Спорттағы сәттілік ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары жағында болды: Дияр Бұрымбаев, Құрмет Ахметов және Алмас Исенов сәйкесінше 60, 70 және 80 келіге дейінгі санаттарда үздік атанды. СҚО ПД аппаратының қызметкері Руслан Мукеев 90 келіден жоғары санаттағы ауыр салмақтар арасында 1-орынға ие болды.

Командалық есепте спартакиаданың бесінші түрінің чемпионы болып Ұлттық ұлан академиясы атанды, екінші орынды – СҚО полиция департаменті иеленді, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үздік үштікті қорытындылады. Жүлдегер командаларға кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Өз салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарға «Динамо» логотипі бар спорттық форма тарту етілді. 23 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ҚР спорт шебері Евгений Клочун «Спорттық ұзақ өмір үшін» жеке кубогымен марапатталды.

Алда өтетін спартакиаданың алтыншы түрі — 18-19 шілдеде өткізілетін шағын футболдан жарыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру