Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкердің құрметіне АӘД сыныбы ашылды

СҚО-да қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкердің құрметіне АӘД сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Қызыл – әскер орта мектебі» КММ-де қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерге арналған алғашқы әскери дайындық сыныбының салтанатты ашылуы өтті.

Ішкі қызмет капитаны Серік Омаров 1997 жылы 9 тамызда сотталғандарды тас карьерге шығару кезінде қатыгездікпен өлтірілді. Осыдан кейін қылмыскерлер қарауылдың қаруын тартып алып, қарулы қашу жасады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сотталғандардың бірі атыс кезінде қаза болды, екіншісі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілді. Қайғылы оқиға болған жерде естелік обелиск орнатылды.

Іс-шараға батырдың туыстары, достары, анасы, әйелі мен қыз балалары шақырылды, сондай-ақ №51 мекеме басшылығы мен қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, мектеп оқушылары мен оқытушылар құрамы қатысты.

Қатысушылар қызметкерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оның өмірбаянымен танысты.
Лентаны кесудің салтанатты рәсімі қаза болған батырдың туған ағасы Марат Омаровқа тапсырылды.

Серік Қозкенұлы 1961 жылы 2 қарашада Көкшетау облысы Володар ауданы Қызыл-Әскер ауылында дүниеге келген. 1980 жылы КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, 1982 жылы демобилизациядан кейін ЕС-164/4 мекемесіне цех шебері болып жұмысқа орналасты. Соңғы лауазымы – цех бастығы. Қызмет барысында СҚО ІІБ басшылығының Құрмет грамотасымен үш рет марапатталды.

Батырдың туған жерінде ашылған АӘД сыныбы жас ұрпаққа нағыз батырлық пен елге деген адалдықты еске түсіріп, үлгі болатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру