Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сәуір айының соңында скутер жүргізуші жолда қаза тапты

Жыл басынан СҚО жолдарында скутерлер жүргізушілерінің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем келе жолда екі дөңгелекті көліктер пайда болады. СҚО полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жолда аса сақ болуға шақырады. Салғырттық қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы Челябі – Новосібір автожолының 498-ші шақырымында Мамлют ауданының Покровка ауылы маңында орын алған. 29 сәуірге қараған түні РФ 50 жастағы азаматының басқаруындағы Mitsubishi Canter рефрижераторы бір бағытта келе жатқан Honda скутерімен соғылған. Скутер жүргізуші, аудан орталығы Мамлютканың 38 жастағы тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, скутерлердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары Тайынша ауданында және облыс орталығында да орын алды. Зардап шегушілердің қатарында скутер жүргізушілері де, жолаушылары да бар. Жыл басынан СҚО жолдарында скутерлер жүргізушілерінің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы тіркелді.

– Көктем, жазғы маусым келісімен профилактикалық жұмысты күшейттік. Жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мотошлем және жарықтандырғыш құралдарын пайдалану, жылдамдықты асырмау, жол жүрісі қағидаларын білмейтін, он алтыға толмаған тұлғалардың көлік басқаруына жол бермеу сияқты басты ескертулерді еске саламыз. Сондай-ақ, 14 жасқа толмаған велосипедшілер, мопед, скутерлердің жүргізушілері жолдың оң жағымен жүріп, жол жүрісінің басқа қатысушыларына кедергі жасамауы тиіс. Маневр жасар алдында қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек. Скутер міну үшін жол жүрісі қағидаларын білуден емтихан тапсыру талап етілмесе де, оларды толық сақтау қажет. Өйткені, жол қозғалысына қатысушылардың денсаулықтары мен өмірлерін аман алып қалу маңызды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру