Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сегіз полиция қызметкеріне кезекті арнайы шендер табысталды

СҚО-да сегіз полиция қызметкеріне кезекті арнайы шендер табысталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында сегіз полиция қызметкері кезекті арнайы шендерге ие болды. Салтанатты рәсім барысында жаңа погондарды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов табыстады. Ол тәртіп сақшыларына қызметтік өсім, Отанға адал қызмет етуде табыс тіледі.

Шен алғандар қатарында патрульдік полиция, жедел әрекет ету арнайы жасағы, арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасы, жеке құраммен жұмыс инспекторы мен қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің жедел кезекшісі бар. Бұл құрылымдардың барлығы қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. Күнделікті адал еңбектерімен олар "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді.

Бикен Смолекова — Мағжан Жұмабаев ауданынан. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бикен – жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы. Заманауи полиция құрылымында бұл бағыт – аса маңызды. Кадр саясатын әділ жүзеге асыру үшін әр қызметкерге жекелей әрі сауатты көзқарас қажет. Бүгін Бикенге полиция майоры шені табысталды.

- Әрбір офицер үшін бұл – қуанышты әрі қызметке деген мотивацияны арттыратын ерекше сәт, — дейді Бикен Смолекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру