СҚО-да сотталғандар құммен сурет салуға арналған жарық үстелін жасады
СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар құмты арт-терапияға қатысу үшін құммен сурет салуға арналған жарық үстелін өз қолдарымен жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінің сотталғандары өз қолдарымен құммен сурет салуға арналған жарық үстелін жасады.
– Жақында біздің психолог арт-терапияның түрлері туралы айтып берді. Бізді әсіресе құмды арт-терапия қызықтырды, бірақ оны жүргізу үшін арнайы жарықтандырылған үстел қажет. Ұзақ ойланбастан, біз оны өзіміз жасауды шештік. Қолымызда барлық қажетті материалдар болды. Алғашқы терапия сеансы көптеген адамға ұнады. Жеке өзім зейіннің, қабылдаудың және жанасу сезімінің шиеленіскенін байқадым. Бұл қолдың ұсақ моторикасына тамаша жаттығу және шығармашылық әлеуетті дамыту мүмкіндігі, – деп бөлісті сотталған М.
– Құмды арт-терапия таңқаларлық, себебі ол құмды және құммен салу техникасын психокоррекциялық көмекші жұмыс ретінде қолдануды ұсынады. Түзеу мекемесінде құммен сурет салу өнері сотталғандарға танымдық процестерді дамытуға, есте сақтау қабілетін, қозғалыс пластикасын, мидың екі жарты жақтарының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар стресспен күресудің тиімді әдісі саналады. Моционалды жағдайды үйлестіреді және өзін – өзі реттеу дағдыларын қалыптастырады, – деді аға инспектор-психолог Юлия Зель.