Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандарға алғаш рет омарташы мен жібек өсіруші мамандықтары оқытылады

СҚО-да сотталғандарға алғаш рет омарташы мен жібек өсіруші мамандықтары оқытылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№51 мекемеде жаңа оқу жылына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мекеме бастығының жалпы мәселелер бойынша орынбасары Светлана Спасская, “Айыртау агротехникалық колледжінің” директоры Берік Жанахметов, сондай-ақ мекемелердегі оқу-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Алексей Зозуля құттықтау сөз сөйледі.

2024-2025 оқу жылына “Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының Айыртау агротехникалық колледжі” КММ және “Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі” ЖМ кең бейінді мастер-құрылысшы, газ-электр дәнекерлеуші, тігінші, көгалдандыру шебері, ландшафт дизайнері, сондай-ақ омарташы және жібек өсіруші мамандықтары бойынша 100 сотталғанды оқуға қабылдау жүргізілді.

Омарташы мен жібек өсіруші мамандықтары мекеменің оқу бағдарламасына алғаш рет енгізілді. 10 ай бойы мамандар сотталғандарды арнайы әдебиеттерді, бейнематериалдарды зерделеу, сондай-ақ практика арқылы оқытатын болады.

Көрнекі практикалық бөлік үшін мекемеге ара ұялары, қорғаныс костюмдері және басқа да қажетті жабдықтар әкелінді. Жақын арада жібек құрттарын өсіруге арналған арнайы инкубаторлар орнату жоспарлануда.

– Сауатты омарташылар мен жібек өсірушілер – жәндіктердің физиологиясы мен мінез-құлқын түсініп, оларға қамқорлық жасауы керек. Сонымен қатар олар аралар мен жібек құрттары өндірісінің өнімдерін жинап, өңдей білуі керек. Бұл мамандықтар сұранысқа ие болу себебі өндірілген өнімдерге байланысты ғана емес. Мысалы БҰҰ мәліметтері бойынша, әлемдік азық-түлік өндірісінің үштен бірі араларға байланысты. Аралар өсімдіктерді тозаңдандырады және олардың өнімділігін арттырады, сондықтан оларға қамқор болу өте маңызды міндет. Осындай мамандықтармен босатылғаннан кейін сотталғандар оңай жұмысқа орналаса алады немесе өз өндірісін ашуға мүмкіндіктері болады,- деп атап өтті мекемеде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру