СҚО-да су тасқыны кезінде кәсібилік танытқан бірқатар полицей марапатталды
СҚО полиция департаментінде көктемгі су тасқыны кезінде кәсібилік пен жанқиярлық танытқан полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 полиция офицері мен бір полиция старшинасы — марапатталған кезекті топтың ішінде Петропавл полицейлері ғана емес, сонымен қатар Тайынша, Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандарының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полицейлері бар. СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов марапаттарды табыстап, сақшылардың әрқайсысына қызметі үшін алғысын айтты.
Ерекше қызметімен көзге түскен полицейлер «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарын, «ІІМ үздігі» төсбелгілерін, ІІМ алғыс хаттары мен грамоталарын алғаны үшін әріптестері мен ардагерлердің қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек, министрлік солтүстікқазақстандық үш полицейдің еңбегін ерекше атап өтті: Тайынша ауданы ПБ Келлеровка ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінің бастығы Абылайхан Өтегенов, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ аға мемлекеттік автоинспекторы Төлеген Болатов пен Шал ақын ауданы ПБ патрульдік полиция инспекторы Ерден Кокашев ҚР ІІМ-нің Құрмет грамоталарын алды.
Сәуір айындағы алапат су тасқыны кезінде Петропавл қалалық полиция басқармасының және бірқатар аудандағы жеке құрам құтқарушылармен, әскери қызметшілермен, еріктілермен және әкімдікпен бірге халыққа жан-жақты көмек көрсете отырып, тәулік бойы ең күрделі және қауіпті учаскелерде болды. Полицейлер төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету бойынша мол тәжірибе жинады. Мұның барлығы алдағы уақытта халық пен мемлекеттің игілігі үшін түрлі міндеттерді шешу кезінде аса қажет болады.