Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тәртіп сақшылары балаларға арнайы көрме ұйымдастырды

СҚО-да тәртіп сақшылары жазғы лагерьде балалар үшін полицейлердің арнайы жабдықтары көрмесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстандағы "Достық" жазғы лагерінде демалып жатқан балаларға құқық қорғау органдары қарулы қылмыскерлерге қарсы қолданылатын арнайы құралдарды, патрульдік автокөліктерді және заманауи полицияның басқа да техникалық құралдарын көрсетті. Ұлдар мен қыздар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жабдықтарын ерекше қызығушылықпен киіп, патрульдік көліктегі дауыс зорайтқыш құрылғыны қолданып көрді. Полицейлер өз қызметі туралы айтып, жаз мезгіліндегі қауіп туралы ескертті.

Демалыс кезінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының қаупі артады: оқушылар көшеде көп уақыт өткізеді. Сондықтан маңызды ережелерді білу қажет: жол бойында және аула ішіндегі кіреберіс жолдардың жанында ойнауға болмайды. Көше қиылысын тек арнайы белгіленген жерден өту керек, бұл кезде телефонды және құлаққапты пайдалануға болмайды. Міндетті түрде жүргізушілердің сізді өткізетіндігіне көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары велосипедпен жолға тек 14 жастан бастап, ал скутерді 16 жастан бастап басқаруға болатынын, әрі бұл үшін арнайы жүргізуші куәлігі болуы тиіс екенін еске салды.

Жыл басынан бері СҚО-да балалардың қатысуымен 56 ЖКО тіркелді, оның ішінде екі бала қаза тауып, 63 бала жарақат алды. Көп жағдайда балалар көлік құралдарының жолаушылары болды. Полицейлер егер салонда бала болса, аса қырағылық танытуға, балаларды ұстайтын құрылғылар мен "көлікте бала бар" жапсырмаларын қолдануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру