СҚО-да тәртіп сақшысы қызметтен бос уақытта балаларды аралас жекпе-жекке үйретеді
СҚО полиция департаменті құрамындағы арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының инспекторы Марлен Баранбаев қызмет барысында жедел уәкілдерді, тергеушілер мен криминалистерді қоян-қолтық ұрысқа үйретеді, ал жұмыстан бос уақытында балалар секциясында жаттығулар жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы облыс полициясының жеке құрамы арасында кәсіптік даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді. Атыс, саптық, дене шынықтыру даярлығы – полиция қызметкерлеріне осы сабақтардың барлығын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының тәжірибелі офицерлері үйренуге көмектеседі. Бір жарым жылдан бері осы бөлімше қызметкерлерінің қатарында Марлен Баранбаев қызмет атқарып келеді. Өз ісін жетік білетін тәртіпті маман, сонымен қатар кикбоксингтен спорт шеберіне үміткер әріптестерінің арасында құрметке ие.
Күні бойы 34 жастағы Марлен Баранбаев жедел уәкілдерге қоян-қолтық ұрыстан сабақ береді, ал бос уақытында балалар секциясында аралас жекпе-жекті үйретеді. Бұған өзінің жинаған тәжірибесі көмектесті. Алғашқы мамандығы – дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы, мерзімді әскери қызметін теңіз жаяу әскерлері қатарындағы өткерген.
– Бос уақытымда «Сұңқар» аралас жекпек-жек федерациясында балаларды жаттықтырамын. Оған алты және одан жоғары жастағылар қатысады. Жоғары санаттағы жаттықтырушымын. Біздің федерацияда халықтың әртүрлі топтарынан шыққан балалар айналысады: аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары бар; оқу процесіне барлық ниет білдірушілер қатысады. Жаттығу «Жас Динамо» жобасы шеңберінде тегін жүргізіледі. Жаттығуларда балалардың бойына өжеттілік, төзімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Мен балаларға жаттығу залынан үйренгендерін көшеде қолданбауды және бос уақыттарында әрқашан өздерінің сүйікті ісімен айналысуды айтып отырамын, – Марлен Баранбаев.
– Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Орал Хамзинның айтуынша, қазіргі заманауи полицейлерге барынша жоғары талаптар қойылады. Офицерлер, сержанттар мен қатардағы қызметкерлер заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетік біліп қана қоймай, өздерінің дене дайындығын үнемі шындап тұруы, қару-жарақ пен арнайы құралдарды сенімді қолдана алуы, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларда тиімді әрекет ете білуі тиіс.