СҚО-да теологтар мен дінтанушылар құқық қорғау органдарымен экстремизмге қарсы іс қимыл бойынша сабақ өткізді
Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес желісі бойынша полицейлер үшін заманауи ақпараттық технологиялар қандай қиындықтар мен мүмкіндіктер туғызады? Осы және басқа да сұрақтарға СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған оқыту семинарына қатысып, жауап алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда полиция, прокуратура және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапхана базасында оқыту семинарының тыңдаушылары болды. Семинар СҚО әкімдігі дін істері басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті іске асыратын жоба шеңберінде ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, дін саласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйледі.
Бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды, мысалы, халықпен жұмыс істеудің заманауи әдістері, оның ішінде ғаламтор кеңістігінде, деструктивті діни ағымдарды жақтаушыларды анықтау әдістері, деструктивті діни идеологияның пайда болуы мен таралу мүмкіндіктеріне қарсы тұру.
– Сондай-ақ сөз сөйлеушілер экстремизм мен терроризмнің алдын алуды стратегиялық жоспарлау тақырыбына тоқталды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Бұл өте маңызды сәт, өйткені қазіргі әлемдегі экстремизм мен терроризмге қарсы тұру өзекті тәсілдер мен үнемі өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді, – деп нақтылады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы.