СҚО-да учаскелік инспектордың көмекшісі өз жұмысы туралы айтып берді
СҚО-да учаскелік инспектордың көмекшісі өз жұмысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкері Ақыл Байтеңізов Прибрежное ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарады.
Қазір Ақыл учаскелік инспектордың міндетін атқарады. Оның жауапкершілік аймағында 3853 адам тұратын үш ауыл бар. Жұмыс күні сағат 08: 30-да азаматтарды қабылдаудан басталады. Әдетте күніне 2-3 адам көбінесе су тасқынының салдарына қатысты сұрақтармен келеді.
– Прибрежный аулында 240-қа жуық үй су астында қалды, олардың шамамен 40-ын қалпына келтіру қиын. Олардың барлық дерлігі жаңа баспанаға орналасып жатыр, бірақ олардың ескі үйлеріне қарауды сұрайды. Мұндай өтініштерді назарға алып, күндізгі және түнгі аралау маршруттарына мекенжайларды қосамын, – дейді Ақыл.
Қызмет көрсетілетін аумақты аралау – күнделікті жұмыстың бір бөлігі. Барлық дерлік тұрғын судан зардап шеккен үйлерін жөндеумен айналысуда. Бұл ретте адамдардың басты сұрауы сол үйлердің, құрылыс материалдарының сақтығын қамтамасыз ету.
– Өз учаскелерінің айналасындағы қоршауларды қалпына келтіре алмағандар қараусыз жүрген малға алаңдайды. Прибрежное ауылында қазірдің өзінде малшы жұмыс істеп жатыр, бірақ оның қызметін адамдардың бәрі пайдалана бермейді, еркін жайылым фактілері кездеседі. Сондықтан да профилактиканы күн сайын жүргізуге тура келеді, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Су тасқынынан кейін қаңғыбас иттер көп болу мәселесі өзекті болды. Бұл мәселені ветеринарлық қызметтің көмегімен шешу мүмкін болды. Оның қызметкерлері қараусыз қалған жануарлардың бір бөлігін арнайы орынға жеткізді. Көптеген иттерді қожайындары тауып алып кетіп, бүгінде Ақыл олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдық дүкенде полиция аға лейтенанты Байтезнизов қасбетті тиісті түрге келтіру, қоқыс салғыштарының болуын қамтамасыз ету қажет екендігі жайындағы абаттандыру ережелерін сақтау туралы ұйғарым шығаруда.
– Сәуір айында мұнда нағыз теңіз болды. Учаскелік полиция инспекторы Қайыртай Нұрғалиев екеуіміз құтқарушылармен бірге қызмет көрсетілетін аумақты құрлықта да, қайықта да күзетшілік атқардық. Ол кездер ұмытылмайтындай болды, – деді полиция қызметкері.
Адамдарды эвакуациялау және су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде қызметтік борышын өтеу кезіндегі жанқиярлығы үшін Ақыл Байтеңізов “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.
– Ішкі істер министрлігі мен полиция департаментінің басшылығына көрсетілген сенім үшін алғыс айтамын. Бұл марапат мен үшін – одан әрі жұмыс істеуге және кәсіби өсуге ынталандыра түседі, – дейді Ақыл.