Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік полиция инспекторы мал ұрлығын ашты

СҚО-да учаскелік полиция инспекторы мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданында жеке кәсіпкер малды түгендеу кезінде бір сиырдың жоғалғанын анықтайды. Ол учаскелік полиция инспекторына жүгінеді. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, ұрлық қаңтар мен наурыз аралығында болған. Қызмет көрсететін учаскедегі жағдайдан жақсы хабардар болуы полицейге күдіктілерді анықтауға көмектесті. Күдіктілер 37 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Жасы үлкені жеке кәсіпкерліктің жұмысшысы болған. Малдың терісі мен тұяғы күдіктілер көрсеткен жерден табылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген болатын. Қазіргі уақытта істің материалдары сот қарауына беру үшін жіберілді.

– Мал ұрлығының алдын алу ауылдық жердегі полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Тиісті ұсынымдар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланымдар орналастыру арқылы тұрақты негізде халыққа жеткізіліп тұрады, учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесуде малды бос жіберуге болмайтыны туралы түсіндіреді. Айта кететіні, жыл басынан облыста арнайы қамау орындарына 398 қаңғып жүрген мал жеткізіліп, 176 адам малды еркін жайылымға жібергені үшін жауапқа тартылды. Қаңтар айынан 3 мал ұрлығы тіркелді, қазіргі уақытта екеуі ашылды. Бұдан бөлек, жүргізіліп жатқан жұмыс аясында бұрын жасалған 8 мал ұрлығы ашылды – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру