Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да үш күндік «Қару» іс-шарасы барысында 2215 қару иесі тексерілді

СҚО полицейлері үш күнде қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 72 бірлік қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша, облыс аумағында үш күндік «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Күн сайын қару саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыты бойынша 800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылған.

2215-ден астам қару иесі тексерілген. Рейд барысында 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде қаруды сақтау қағидаларын бұзғандар – 48, қайта тіркеу мерзімін бұзғандар – 31.

Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» операциясы шеңберінде заңсыз атыс қаруын сақтау фактісін анықтаған.

Полицейлерге аудан орталығы Сергеевкадан 40 шақырым жердегі Кривощеково селосының тұрғыны өз үйінде тіркелмеген аңшы қаруын сақтауы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Тексеріс барысында алынған мәлімет расталды: ауыл тұрғынының үйінің кіреберісінен қапқа салынған 16-калибрлі, ТОЗ маркалы тегіс ұңғылы қару табылды. 41 жастағы ер адам қаруды жаз айында егістіктен тауып алдым деп түсіндірген. Нәтижесінде аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырылды, қару алынып, сараптамаға жіберілді. ҚР ӘҚтК 482-бабы 1-бөлігінің санкциясы қаруды тәркілеумен, 20 айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы құрамындағы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісінің қызметкерлері тіркелмеген қару тауып алсаңыз, немесе ол қайтыс болған туыстарыңыздан қалған болса, онда бұл туралы «102» нөмірі бойынша полицияға хабарлау қажеттігін ескертеді. Мекенжайға полицейлер барып, белгіленген тәртіпте қаруды алады. Қаруды ерікті тапсыру, егер адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаған жағдайда қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру