СҚО-да ювеналды полицейлер мобильді топтарының құрамында 120-дан астам тексеріс жүргізді
СҚО-да ювеналды полицейлер мобильді топтарының құрамында бір айда 120-дан астам тексеріс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кіші сынып оқушысының анасы ішімдік ішеді. Ер адам әйеліне келген жедел жәрдемді үйіне кіргізбеді. Ата-ана құқығынан айырылған мас ана балаларды мазалайды. Тұрмысы нашар отбасыларда түрлі жағдайларды кездестіруге болады. Уақытылы көмекке келу үшін мемлекеттік органдар жедел ақпарат алмасып, бюрократиялық кедергілерді жоққа шығаруы тиіс.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына қарсы күреске қатысуда. Оларға прокурорлар, дәрігерлер, педагогтар, қамқоршылық және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді. Мессенджерде анықталған мәселелер туралы ақпарат орналастырылған вацап чаты құрылды. Бұл мәселелер бірлескен тексерулер барысында пысықталады.
Осындай тексерістердің бірінде мобильді топ мүшелері үш немересінің қамқоршысы болып табылатын Петропавл қаласының тұрғынына барды. Балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылған, бірақ кей кездері мас күйінде қарым-қатынасты анықтауға келетін көрінеді. Мобильдік топ мүшелері ақпаратты тексеріп, балалармен және көршілермен әңгімелесті, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша ұсыныстар берді. Айтпақшы, мобильді топ мекенжайда болғаннан кейін оқиға қайталанды. Бұл жолы әжесі қызының мас күйіндегі қылықтарына шыдамай «102» телефонына қоңырау шалды. Тәртіп бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды. Келесі 30 күн ішінде ол балаларға келмеу және оларға қоңырау шалмау сияқты бірқатар шектеулерді сақтауы қажет. Құқық бұзғаны үшін ол 10 тәулікке қамауға алынады. Сонымен қатар әжесі полициядан немерелерінің анасын алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы кеңес сұрады.
– Осыған ұқсас жұмыстар әр аудандарда құрылған мобильдік топтармен жүргізілуде. Қолайсыз отбасылар анықталған жағдайда жедел түрде бірлескен жұмыс ұйымдастырылады. Қаңтар айында мобильдік топтармен 121 рет аралап, 29 отбасыны анықтаған. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын 47 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.