Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жануарлардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді

СҚО-да жануарлардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданында Жезқазған-Петропавл тас жолының бойында жануарлардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды. 22 қаңтарда түнде Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны Nissan Cefiro көлігімен Петропавлға бет алып бара жатқанда, жол үстіне жылқы шыға келген. Нәтижесінде ер адам жануарды қағып кеткен. Келесі күні таңғы сағат 6 шамасында Жаңажол ауылының маңында 28 жастағы петропавлдық осыған ұқсас жағдайға тап болды.

Екі көлікке де механикалық зақым келген. Полиция қызметкерлері жануарлардың иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

– Мал иелері мен жүргізушілерден осы мәселеге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Қараусыз қалған жануарлар жол қозғалысының қатысушыларына ғана қауіп төндірмейді, сонымен қатар олар мал ұрыларының қол сұғушылық объектісі болып саналады. Жүргізушілер, әсіресе, қараңғыда мұқият болу керек, – дейді Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Мұхамбетжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру