Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жас полицейлерге алғашқы погондар табысталды

СҚО-да жас полицейлерге алғашқы погондар табысталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүйсенбінің таңы СҚО полиция департаментінің алты қызметкері үшін ерекше сәттен басталды. Олар алғашқы офицерлік погондарын алды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қойылып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің портреттері ілінген департамент фойесінде СҚО ПД бастығы оларға полиция лейтенанты арнайы атағын табыс етті.

— Сіздер “Заң мен Тәртіп” қағидатын сақтау ісіндегі полицейлердің қатарын толықтырдыңыздар. Азаматтық жетілуді, қызметтік борышқа адалдықты және кәсібилікті көрсете отыра, жүктелген міндеттерді орындау үшін бар күш-жігеріңізді салатындарыңызға сенімдімін, – деді жас офицерлерге Айдын Қабдұлдинов.

Жас полицейлер өздерінің еңбек жолын отбасылылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы күрес бөліністері, патрульдік полиция батальоны, жедел басқару орталығы мен криминалдық полиция бөлінісінен бастамақшы.

Сондай-ақ екі қызметкерге полиция майоры, төрт қызметкерге полиция подполковнигі атағы берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру