СҚО-да жасөспірімдер арасындағы есірткінің алдын алу шаралары күшейтілді
СҚО полиция департаменті жанындағы есірткі қылмыстарының алдын алу кеңесінің мүшелері ата-аналар комитеттерінің төрағаларымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі есірткі нарығы жастар мен жасөспірімдерді өз схемаларына тартуға барған сайын белсенді әрекет етуде. Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері үш жасөспірім есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ал тағы бес солтүстікқазақстандық жасөспірім наркологиялық есепте тұр.
Кездесуге психолог мамандар да қатысты. Олар есірткі қолданудың зиянды әрі қайтымсыз салдары туралы айтып берді. Бұл ақпарат бейнематериалдармен және есірткіге тәуелді болған адамдардың ашық мойындауларымен толықтырылып, ата-аналардың мәселенің маңызын терең түсінуіне ықпал етті.
Полицейлер қатысушылардан алған мәліметті ата-аналар чаттарында таратып, кәмелетке толмағандарды есірткі саудасына тартудың тәсілдері мен психотроптық заттардың қаупі туралы балаларды дер кезінде хабардар етуін сұрады. Сондай-ақ жасөспірімдердің мінез-құлқындағы күмәнді, күрт өзгерістерді назардан тыс қалдырмай, мамандарға уақытылы жүгіну қажеттігі айтылды.
Қоғаммен кең ауқымды өзара іс-қимыл, ашықтық және қолжетімділік — “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында қазақстандық полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі.
