СҚО-да жаяу патруль салқын үйде тоңып қалған мас адамды құтқарды
СҚО-да жаяу патруль салқын үйде тоңып қалған мас адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаяу патрульдер күн сайын Мамлютка ауданы орталығының аумағын аралайды. Тексеру аймағында – бұрын сотталғандар, отбасылық жанжалқойлар, маскүнемдер және басқа да санаттағы есептік тұлғалар, сондай-ақ белгілі притондар бар.
Притондардың бірі екі пәтерлі үйде орналасқан, оның екінші жартысында 62 жастағы маскүнем тұрады. Сенбіден жексенбіге қараған түні оны полиция қызметкерлері Сергей Ковальчук пен Владислав Естефеев тексерді. Олар мас болған қожайынды пеші жағылмаған үйден тауып алды. Полицейлер дереу жедел жәрдем көлігін шақыртты. Дәрігерлер аяқ-қолдың үсіп қалуы мен жалпы тоңуын анықтап, ауыл тұрғынын ауруханаға жеткізді. Егер полицейлер келмегенде жағдай одан да қиын болуы мүмкін еді.
– Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жай-күйін тұрақты деп бағалауда. Берілген күштер күн сайын полицияның кешенді күштерінің құрамында кезекшілікке түседі. Солтүстік Қазақстан облысына тән суық ауа райында бұл жұмыс өзекті болып қала бермек. Есепке алынған контингенттен басқа, қызметкерлер алкогольді ішімдікті қолданып, қатып қалу қаупі бар адамдарды, сондай-ақ жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қиын өмір жағдайындағы отбасыларды тексереді. Жұмыс құқықтық тәртіпті сақтау және адамдардың қауіпсіздігін нығайту үшін жүргізіліп жатыр, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.