Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жазғы лагерьдегі балаларға "Киберпатруль" төсбелгілері табысталды

СҚО-да жазғы лагерьдегі балаларға "Киберпатруль" төсбелгілері табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Аққайың ауданындағы "Оқжетпес" жазғы демалыс лагеріндегі балаларға жеке деректерді қалай қорғау, интернет-алаяқтық пен буллингтің құрбаны болмау, киберқылмысқа серіктес болып кетпеу және тағы басқа да маңызды мәселелер жөнінде әңгімелеп берді.

Полицейлердің дәрісінен алған білімдерін балалар қызықты эстафетада бекітті. Онда "Қауіпті" немесе "Қауіпсіз" карточкаларына жүгіріп бару керек болды. Мысалы: "Сен құпиясөз ретінде 12345 деп жаздың", "Жаңа интернеттегі досыңа суретіңді жібердің", "Саған жеке мәліметтерің үшін сыйлық уәде етті — сен бас тарттың" деген тұжырымдар айтылғанда дұрыс карточканы таңдау қажет еді.

Дұрыс жауап берген командаларға ұпай берілді. Нәтижесінде сайыс тең аяқталды: барлық қатысушы интернеттегі қауіпсіздік бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Балалар мақтау қағаздары мен "Киберпатруль" төсбелгілерін алды — енді олар ақпараттық кеңістікте өздерін қалай қорғау керектігін, жақындарын қалай ескерту керектігін біледі.

Балалар мен жасөспірімдерді интернет-қауіптерден қорғау — Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгерілетудің маңызды бөлігі. СҚО полицейлері өскелең ұрпақ арасында киберқылмыстың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Осындай кездесулер өңірдегі басқа жазғы лагерлерде де өткізілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру