Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында полицейлер марапатталды

СҚО-да Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында полиция қызметкерлері марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр мерекелері қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің жеке құрамы Жастар сарайында өткен салтанатты жиынға жиналды.

Іс-шараға департамент басшылығы, офицерлер, сержанттар, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Жиынды ашқан СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов уақыттың байланысын, солтүстікқазақстандық милиционерлердің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін және Отанға қызмет етудегі сабақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев тәртіп сақшыларын келе жатқан мерекелермен құттықтап, өңір басшылығының құттықтауын жеткізді.

Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. 40-тан астам қызметкер мен ардагерге құрмет грамоталары, медальдар, төсбелгілер, алғыс хаттар мен арнайы шендер табысталды.

Полиция полковнигі арнайы шені жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин мен ПД басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаровқа берілді. Сонымен қатар ПД кезекші бөлімінің жедел кезекшісі Максим Чернявскийдің (полиция полковнигі) және оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Максим Пенскийдің (полиция подполковнигі) шендері бір сатыға жоғарылады.

Жиын соңы СҚО ПД мәдени орталығының үрмелі оркестрі мен вокалдық тобы, сондай-ақ қалалық шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Басқармалар мен бөлімдер бастықтары орындаған “В путь”әнін көрермендер ерекше ықыласпен қабыл алды. Ал концерттің соңында орындалған “Жеңіс күні” әнін залға жиналған барлық көрермен түрегеліп тыңдады.

Барлық мерекелік және демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру