СҚО-да жоғалған 310 бас қой табылды
Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Крахмал-Агро» ЖШС бригадирінен Шаховское ауылынан 10 км жердегі жайылымнан сенбі күні жоғалған 310 бас қой табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қызылжар ауданы Шаховское ауылындағы оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобы барды.
Материалдарды жинау барысында түстен кейін бақташының ұйықтап қалғаны, қойдың жоғалғанын анықтаған соң, өзі іздегені белгілі болды. Екі тәулік өткеннен кейін қойдың жоғалғаны туралы басшылығына хабар берген. Полицейлер қызметтік–іздестіру иттер мен квадрокоптерді пайдаланып іздестірді. Іздеу топтары құрылып, қойларды іздеуге Аққайың ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің және «Крахмал-Агро» ЖШС қызметкерлері шығады, бұдан бөлек жақын маңдағы елдімекендердің адамдары көмекке келген. Орманнан, су маңынан іздеген кезінде Аққайың ауданы Григорьевка ауылы маңында ұсақ малдың ізі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қызылжар ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Арман Жетеповтің жетекшілігімен жедел-тергеу тобы хабарланған жерге шығып, орманнан жоғалған қойды анықтайды.
Қой Шаховское ауылынан орманға қарай 50 км жерге ұзап кеткен. Қазіргі уақытта қойлар айдап әкелініп, жоғалған малдың құнын 7 750 000 теңгеге бағалаған ЖШС басшылығына, яғни иелеріне қайтарылды. Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, алайда, тергеу органдары мал бағуды ұйымдастыру кезінде жауапкершілікпен қарау жайлы жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылығының атына хат жолдауды жоспарлап отыр.
Қызылжар ауданы полиция бөлімінің басшысы Әлихан Байқадамов үш тәулік бойы аяқтарынан тік тұрып малды іздеген қызметкерлерді марапаттауға ұсыным дайындап жатыр. Полицейлер мал иелерін малды ұйымдастыра отыра бағуға шақырады, себебі мал ұрлығы ауыл тұрғындары үшін келтірілген үлкен шығын.