СҚО-да жүк көлігінің жүргізушілері қиын жағдайда көмектескен полицейлерге алғыс білдірді
СҚО-да жүк көлігінің жүргізушілері қиын жағдайда көмектескен полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Беларусь елінің азаматы Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен тұрғындарына шын жүректен алғысын білдірді. 5 желтоқсан күні тақтай жүгі тиелген Volvo көлігінің жүргізушісі көктайғақтың кесірінен рөлге ие бола алмай, республикалық маңызы бар Мамлютка – Қостанай автожолының 30 шақырымында Дубровное ауылындағы бұрылысынан шамамен 6 шақырым жерген жол жиегіне шығып қалған.
Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары Мәлік Жақыпов пен Сергей Полуяновтар көмек көрсету жұмысын ұйымдастырған. Құтқару іс-шаралары 4 күнге созылды. Көлікті жолға шығару үшін жүкті басқа көлікке қайта тиеуге тура келді. Кейін полицейлердің өтініші бойынша жергілікті билік, төтенше жағдайлар қызметкерлері және жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бірінің қызметкерлері 3 бірлік ауыр техника ұсынды. Жұмысшылар қарды тазалап, ауыр жүк көлігін жолға алып шықты. Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар жүргізушіні азық-түлікпен және жанар-жанармаймен қамтамасыз етті. Әрбір ауысымнан келген тәртіп сақшылары болса оны тексеріп, көмекті ұйымдастырумен айналысып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Дәл осы жасақпен 6 желтоқсан күні 61 шақырымда Сенжарка ауылының маңында жол жиегіне шығып қалған 21 тонна қиыршық тас тасымалдаған Shacman ірі жүк көлігін байқаған. Жүргізуші Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дизель жанар-жанармайының қатып қалуынан байланысты аялдама жасауына тура келген. Жүргізуші туысқандарымен бірге үйге кеткен, ал полицейлер болса жүктің сақталуы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, түні бойы трассада болған.
– Бұл жағдайда да қызметкерлерге ауысым бойынша кезекшілік етуге тура келді. 10 желтоқсан күні келген фирма өкілдері жүк көлікті жылытып, жүргізуші сапарын жалғастыра алды. Барлық жүргізушілерді төтенше жағдайлар қызметінің болжамдары мен sms-хабарламаларын мұқият бақылауға, алыс сапарларды жоспарлауға шақырамыз. Солтүстік Қазақстанның күрт құбылмалы ауа райы жағдайында жүргізушілерден жолдарда аса назар аударуды талап ететінін есте сақтаңыз, жолда жүру ережелері талаптарын қатаң сақтаңыз, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Кучумов.