СҚО-да жүздеген полицей сайлау учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
СҚО-дағы сайлау учаскелерінде жүздеген полицей құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов республикалық референдумды өткізу кезеңінде күшейтілген кезекшілікке түсуге тиіс полиция күштерін жинады.
Петропавлда 97 сайлау учаскесіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД-ның 300-ге жуық қызметкері ауысыммен қамтамасыз ететін болады.
Оларға нұсқаулықтар оқылды, учаскелердегі жедел жағдай баяндалды. 2-9 қазан аралығында СҚО құқықтық тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Қабдұлдинов алдағы күндері тәртіп сақшыларының алдына қойылған міндеттерді жеткізді. Содан кейін ол қызметкерлердің сыртқы келбетін, жабдықтауды, құжаттарды, бейнетіркегіштерді тексерді.
Сонымен қатар ол республикалық ауқымдағы іс-шараны лайықты деңгейде өткізудегі жеке құрамның мемлекет және халық алдында жоғары жауапкершілік таныту міндетін еске салды.