СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды
СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер "Таза Қазақстан" акциясы аясында жұмысты жалғастыруда. Заңсыз қоқыс тастайтын орындарды анықтау мақсатында 77 мобильді топ құрылып, 1029 рейд жүргізілді.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіп сақшылары СҚО экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарынан жұмыс тобы құрылды. Оның нәтижесінде 162 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды, қазіргі уақытта олардың 107-сі жойылды.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыс аумағында жалпы қолданыстағы орындарды ластаудың 3,6 мыңнан астам фактісі және абаттандыру ережелерін бұзудың 18,5 мыңнан астам дерегі тіркелді.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын елді мекендердің тазалығы мен өңірдің экологиялық әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Азаматтық жауапкершілік - "Заң және тәртіп" қағидатын табысты жүзеге асырудың негізі.