Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды

СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын ұмытпауға кеңес береді. Азаматтығы ауысқан кезде мүліктік және басқа да мәселелерді уақтылы шешу, ҚР құжаттарын одан әрі пайдалануға тырыспау қажет — оларды белгіленген тәртіппен тапсырған жөн.

Дей тұра, 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтығын жоғалтқан 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша оларға ірі айыппұл төлеуге тура келді.

Басқа елдің азаматтығын алған тағы 22 адам бұл туралы 30 күн ішінде хабарламаған. Бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған: ірі айыппұлдан бастап, Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберуге дейін.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтығын ауыстыруды шешкен адамдардан барлық мәселелер бойынша кеңес алуды және осы процестің жүктеген міндеттерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру