Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері есептегі 49 сотталған абақтыға қамалды

СҚО-да жыл басынан бері есептегі 49 сотталған абақтыға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметінің бөлімшесінде К. есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы қашықтан форматта жүргізілетін ашық сот процесі өтті.

Есепке қою кезінде К. сотталғанмен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді, сондай-ақ оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар, сотталған К. пробация қызметінің бөлімшесіне келу кестесімен танысып, оған қол қойды.

Алайда сотталған К. жазасын өтеу тәртібі туралы хабардар бола отырып, Ғ. Мүсірепов атындағы ПҚБ тіркеуге тұрмады, сот жүктеген міндеттерді бұзды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірнеше рет ескертулерден, сондай-ақ профилактикалық әңгімелерден кейін сотталған адам өзі үшін тиісті қорытынды жасамады.

Аудандық пробация қызметі бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалдарды сотқа жіберді.

ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылады. Сот отырысында сотталған К. өз кінәсін, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібін бұзуға жол берілген фактілерді толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген 2 жыл 2 ай 3 күн мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстырды.

Осы жылдың басынан бері қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған, Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің есебінде тұрған 49 адам жазасын өтеу шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру