Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің қатысуымен 16 жол апаты тіркелді

СҚО-да жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің қатысуымен 16 жол апаты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мопедтер, скутерлер, электросамокаттар жылдың жылы мезгілінде, әсіресе жастар арасында көп қолданылады. Дегенмен, жол қозғалысы ережелерін бәрі де толық біле бермейді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мопед жүргізушілерінің зардап шегуімен болған 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 11 жол-көлік оқиғасында нақ осы көлік құралдарының кінәсінен болған. Мопедтердің алты жүргізушісінің кәмелетке толмағандығы және төрт жағдайда олардың жолдағы мінез-құлқының апатқа әкеліп соққаны ерекше алаңдаушылық туғызады.

– Облыста 7 айда мопед жүргізушілері тарапынан жол жүрісі ережелері 43 рет бұзылды. Тәжірбие көрсетіп отырғандай электросамокат жүргізушілері де жол ережесін сақтамайды. Жыл басынан бері олардың тарапынан 880 бұзушылыққа жол берілген. Полиция қызметкерлері болса көлік тәртібін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акцияларды үнемі өткізіп отырады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Тәртіп сақшылары электр самокатында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, олармен жаяу жүргіншілер өткелімен жүруге болмайтынын еске салады. Көліктің осы түрімен жолдың бөлігімен жүруге 18 жастан бастап және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана болады.

Мопедті басқару кезінде қырағы болу, жылдамдық режимінің, жол белгілері мен таңбалардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ шлемсіз жүруге жол берілмейді. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған, оның аясында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстар күшейтіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру