Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның бас полицейі мектеп оқушыларымен кездесті

Солтүстік Қазақстан полициясының бастығы Ахмет Байтұрсынов атындағы №9 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаментінің басшылығы өңір оқушыларымен кездесуді жалғастыруда. Жасөспірімдер мен балалар полицейлердің тың ақпаратын тыңдап қана қоймай, оларға кез келген сұрақтар қоюға мүмкіндік алады. Бұған дейін СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов Kozybayev University студенттерімен және оқушылармен бірқатар кездесулер өткізді; оның орынбасарлары мен басқарма бастықтары 30-дан астам мектеп пен колледжде болды. Мұның бәрі – жалғасын табатын жүйелі жұмыс.

Есірткіге байланысты қылмыстар мен оларды қолданудан туындаған денсаулыққа зиян үшін қылмыстық жауапкершілік, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы қорқытудың алдын алу. Полиция мен мұғалімдердің міндеті – оларды қиындықтардан қорғау, барлық жағдайда көмектесу.

Айдын Қабдұлдинов Ахмет Байтұрсынов атындағы №9 орта мектептің жоғары сынып оқушыларының алдында сөйлеген сөзінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударып, жас аудиторияны хабардар ету үшін бірқатар нақты сандарды, фактілерді және қылмыстар үшін жауапкершілік шарасын келтірді. Жоғары сынып оқушыларын облыстық полиция бастығының бұл ақпараты таң қалдырды. Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов «102» бағдарламалық жасақтамасы – смартфондарға арналған қосымша туралы айтып берді, ол арқылы полициямен мәтіндік хабарламалар, бейне және аудио байланыс арқылы тәулік бойы байланысуға болады. Қолданба тегін, оны App Store немесе Google Play қолданбалар дүкендерінен кез келген адам жүктей алады.

Барлық қойылған сұрақтарға жоғары сынып оқушылары толық жауап алды. Кездесу соңында Айдын Қабдұлдинов мектеп ғимаратының қауіпсіздік жүйесімен, бейнебақылау камераларымен және «дабыл түймесімен» жеке танысты. Сигнал жіберу процесі, сондай-ақ балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кезінде жеке күзет кәсіпорнының жедел әрекет ету тобының, патрульдік полиция батальоны экипаждарының және жедел тергеу тобының бірлескен іс-қимылдары тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру